русский язык
Бокс

«Астана арландары» жаттығу жиындарын 17 тамызда бастайды

«Астана арландары» жаттығу жиындарын 17 тамызда бастайды

«Арландар» 17 тамыз күні алғашқы оқу-жаттығу жиындарын Алматыда бастайды, деп хабарлайды astanaarlans.kz сайты.

Оған клубта өнер көрсететін былғары қолғап шеберлерінің барлығы дерлік қатысады деп күтілуде. Бейбіт Бүркітұлының айтуынша, биыл команда құрамына жаңадан боксшылар қосылуы мүмкін.

«Бізге кейбір салмақ дәрежелерінде боксшылар жетіспейді. Сол үшін алдағы өтетін ішкі жарыстарда «арландардың» құрамында бокстасуға лайықты жігіттерді іріктеп алуымыз керек. Ертең Алматы мен Көкшетауда бокстан Қазақстан кубогы жолындағы жарыс басталады. Сол сында өзімізге лайықты жігіттерді іріктеп көреміз. 8 тамызда Қазақстан кубогы Ақтөбе мен Қарағандыда жалғасын табады. Сол жарыста да жас боксшыларды таңдауға мүмкіндік туады. Егер өзін жақсы жағынан көрсеткен боксшылар болса, онда бізбен бірге жаттығу жиындарына қатысады. Көңілімізден шығып шатса, келісім-шарт ұсынуға бармыз...», - деді Б.Бүркітұлы.

Айта кетейік, «Астана арландарының» боксшылары тамыз айындағы жаттығу жұмыстарынан кейінгі кезекті оқу-жаттығу жиындарын Болгарияда өткізуді жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;