русский язык
Хоккей

«Арлан» Қазақстан Зернов одағының Кубогы додасы жеңімпазы атанды

«Арлан» Қазақстан Зернов одағының Кубогы додасы жеңімпазы атанды

Көкшетау қаласында Қазақстан Зернов одағының Кубогы додасы аяқталды. Жарыс жеңімпазы болып алаң иелері  – көкшетаулық «Арлан» танылды.

Ақтық кездесуде көкшетаулықтар овертаймда қарағандылық «Беркүтті» 3:2 есебімен қапы қалдырды. Сондай-ақ сегіз ұпай жинап, бірінші орын иеленді.

 

«Арлан» (Көкшетау) – «Беркүт» (Қарағанды) 3:2 ОТ (0:0, 2:2, 0:0, 1:0)

1:0 – Риндео – 20:53
1:1 – Яхонт – 22:11
2:1 – Гашпар (Маркелов, Долишня) – 24:23
2:2 – Евчук – 36:25
3:2 – Риндео (Хасаншин) – 64:10

Қақпашылар: Белов – Грязнов


 

Бірнеше сағат бұрын рудныйлық «Горняк» теміртаулық «Арыстан» тас-талқан етіп, жарыс қорытындысы бойынша бес ұпай жинады. Осылайша «Горняк» жарыстың күміс жүлдегері атанды, ал «Арыстан» үшінші орынды қанағат тұтты.


 

«Горняк» (Рудный) – «Арыстан» (Теміртау) 5:1 (3:0, 2:0, 0:1)

1:0 – Коптяев (Тодыков, Калнс) – 06:00
2:0 – Манушин (Жданов) – 07:54
3:0 – Поляков (Калнс, Яржабек) – 12:35
4:0 – Рушнак (Коптяев, Тавода) – 33:36
5:0 – Куршук (Жилин, Гаврилов) – 36:25
5:1 – Тяхтинен (Петушков, Сорокин) – 59:03

Қақпашылар: Тодыков (Смольников, 40:00 – 60:00) – Житков (Сеппянен, 40:00 – 60:00)

 

Ақпарат «Шайба.kz» сайтынан алынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;