русский язык
Теннис

Зарина Дияс Ташкентте жіберген есені қайтарды

Зарина Дияс Ташкентте жіберген есені қайтарды

Қазақ теннисшісі Зарина Дияс Western & Southern Open Cincinnati турнирінің негізгі сеткасына шықты, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

 Ол румын спортшысы Моника Никулескуге қарсы ойнап, 6/2, 6/2 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп Tashkent Open турнирінің 1-айналымында кеткен есені қайтарды. Сонымен қатар Цинцинатти турнирі іріктеу сынында қазақстандық Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева ойнап, қарсыластарына есе жіберді.

Сондай-ақ Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген Михаил Кукушкин жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын Aptos Challenger турнирінің финалына шыққан еді. Оның ақтық сындағы қарсыласы – кипрлық Маркос Багдатис. Ол жапон Го Соеданы 6/4, 6/2 есебімен тізе бүктірді. Енді Михаил Кукушкин мен Маркос Багдатис бас бәйгені сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;