русский язык
Теннис

АТР рейтингі жаңарды

АТР рейтингі жаңарды

11 тамызда Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) әлемдегі үздік теннисшілер рейтингін жаңартты.

Өткен аптамен салыстырғанда Қазақстан құрамасының көшбасшылары позицияларын жақсатты: Михаил Кукушкин төрт (55-тен 51-ге), Андрей Голубев екі сатыға (64-тен 62-ге) көтерілді. Александр Недовесов 107-ші орнын сақтап қалса, Евгений Королев соңғы турнирдегі сәтті ойындарынан соң, бірден 146 сатыға жоғарылады – енді ол 634-орында.

Алғашқы ондықта испан Давид Феррер мен канадалық Милош Раонич орындарын алмастырды. Аргентиналық Хуан Мартин Дель Потро топ-10-нан шығып қалса, оның орнына Торонтодағы турнирде топ жарған француз Жо-Вильфред Цонга келді.

ATP рейтингі

1. Новак Джокович (Сербия) (0)

2. Рафаэль Надаль (Испания) (0)

3. Роджер Федерер (Швейцария) (0)

4. Станислас Вавринка (Швейцария) (0)

5. Томаш Бердых (Чехия) (0)

6. Давид Феррер (Испания) (+1)

7. Милош Раонич (Канада) (-1)

8. Григор Димитров (Болгария) (0)

9. Энди Маррей (Ұлыбритания) (0)

10. Жо-Вильфрид Цонга (Франция) (+5)

51. Михаил Кукушкин (Қазақстан) (+4)

62. Андрей Голубев (Қазақстан) (+2)

107. Александр Недовесов (Қазақстан) (0)

588. Денис Евсеев (Қазақстан) (+4)

634. Евгений Королев (Казахстан) (+146)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;