русский язык
Бокс

Абель Санчес: «Геннадийдің тарихтағы үздік боксшы атанатын мүмкіндігі бар»

Абель Санчес: «Геннадийдің тарихтағы үздік боксшы атанатын мүмкіндігі бар»

 

32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің әлемдегі үздік былғары қолғап шеберлерінің бірі бола алатынын айтып, Дэниэл Гилге қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті.

«Гилге қарсы кездесуде Геннадий өзінен күткен нәрселерді жасады. Одан ертерек құтылу біздің жоспарымызда болған жоқ, алайда Головкин өзіне үйреншікті қысымын көрсетіп, дәл соққы бағыттауға мүмкіндік туса, бірінші орта салмақтан екінші орта салмаққа дейін көбі нокаутқа түседі. Бұрын да айтқанымдай, Геннадийдің тарихтағы үздік боксшы атанатын мүмкіндігі бар, алайда ол үшін қазіргі жұлдыздар онымен кездесуі керек. Біз қарсылас таңдамаймыз, келісім-шартқа отырған кез-келген адаммен жұдырықтасуға дайынбыз. Бірақ ондайлар көп емес», - деді Санчес.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;