русский язык
Хоккей

Хоккейден Президент кубогы басталды

Хоккейден Президент кубогы басталды

Қыркүйекте құрлықтық хоккей лигасы басталады. Жаңа маусымға тыңғылықты дайындалып жатқан «Барыс» командасы кезекті оқу-жаттығу жиынын Швейцарияда өткізіп қайтты, деп мәлімдейді Хабар арнасы.

Тізгінді Ресейлік Андрей Назаровқа ұстатқан елордалық ұжым, жаңа маусымнан жақсы нәтиже күтеді. Жолдастық кездесулерде шеберліктерін шыңдаған команда бүгін Астанада басталған Президент кубогында топ жаруды көздейді. 

Биылғы халықаралық жарысқа «Барыстың» лигадағы басты қарсыластары жиналды. Алғашқы ойын «Авангард» пен Новокузнецкінің «Металлургы» арасында өтіп, Омбы хоккейшілері 5:2 есебімен басым түсті. «Барыс» Нижнекамскінің «Нефтехимигімен»  айдынға шықты.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;