русский язык

Таразда Республикалық ауыл ойындары өтеді

Таразда Республикалық ауыл ойындары өтеді

Оңтүстіктің 80 спортшысы Таразға жол тартты. Тамыздың 7-іне көрші облыста жасөспірімдер арасында Республикалық ауыл ойындары басталады, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

Таңертеңнен бастап Шымкенттің орталық стадионына облыстық іріктеуден сүрінбей өткен жерлестеріміз жиналды. Ақсақалдар саңлақтарға ақ жол тілеп, батасын берді. Үш күн өтетін жарыста команданы қолдауға Оңтүстік спортына жауапты 20 азамат та жол тартады. Осыған дейін елімізде чемпион атанып жүрген жастардың бұл жолы да жеңіске жететініне үміт зор.

Әлібек Нұртаев, ОҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы:

«Оңтүстік құрамасы епті спортшылардан жасақталған. Бұл жолы жеңіске жетеміз деген сенім мол. Чемпиондардың барлығы ауылды жерлерден шығады. Сол себепті бұл ойындар тартысты өтеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;