русский язык
Хоккей

Президент кубогы. «Кузня» «Нефтехимиктен» басым түсті

Президент кубогы. «Кузня» «Нефтехимиктен» басым түсті

Астанада өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының екінші ойын күніндегі алғашқы матчта новокузнецктік «Металлург» буллит сериясында нижнекамсктік «Нефтехимикті» ұтты.

Негізгі уақытта қарсыластар басымдықты шебер орындап бір-бірінің қақпасына екі шайбадан салды. Алғашқы екі кезеңде «Металлург» ойыншылары көзге түсті, ал үшіншіде «Нефтехимик» қос голмен таразы басын теңестіріп кетті.

Кездесу жеңімпазы ойын соңындағы буллит сериясында анықталды. «Металлург» шабуылшылары Станислав Жмакин мен Райан Стоа мүмкіндіктерін пайдаланса, олардың қарсыластары Егор Миловзоров мен Игорь Полыгалов мүлт кетті. Қорытындысы – 3:2, «Металлургтың» пайдасына. Осы ойыннан кейін қос команда да екі ұпайдан бар.

«Металлург» (Новокузнецк) – «Нефтехимик» (Нижнекамск) 3:2 Б (1:0, 1:0, 0:2, 0:0, 1:0)

1:0 – Гаврилычев (Кареев) – 03:01, басымдықта

2:0 – Камалов (Комаристый, Гарифулин) – 38:42, басымдықта

2:1 – Эронен (Миловзоров, Секстон) – 45:17, басымдықта

2:2 – Стэплтон (Миловзоров, Секстон) – 52:22, басымдықта

3:2 – Стоа – 65:00, ПБ

ҚақпашыКареев – Судницин


iFrame

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;