русский язык
Футбол

Андрей Баль қайтыс болды

Андрей Баль қайтыс болды

 

9 тамызда 56 жасқа келген шағында киевтік «Динамоның» ардагері Андрей Баль өмірден өтті.

Андрей Баль 1958 жылы 16 ақпанда Львовский облысында дүниеге келді. Сол жақтан футболдағы алғашқы қадамын жасады. 1975 жылы Баль жергілікті «Карпат» командасының ойыншысы атанып, КСРО-ның жасөспірімдер және жастар құрамасына шақырыла бастады.

1981 жылы Баль киевтік «Динамоға» ауысты. Киевтік команданың сапында төрт дүркін КСРО чемпионы болып, сонша рет ел Кубогында топ жарды. Ал 1986 жылы Еуропалық елдердің кубок иегерлері кубогында жеңімпаз атанды.

Ойыншы ретінде мәнсабы аяқталар тұста израильдік клубтар «Маккаби» (Тель-Авив) мен «Бней Иегуданың» сапында өнер көрсетті. Бапкерлік мәнсабын да Израильде бастады – «Маккаби» (Герцлия) және «Акоах», кейін полтавалық «Ворскла» мен одессалық «Черноморецтің» тізгінін ұстады. Киевтік «Динамо» мен Украина құрамасының бапкерлік штабына кірді. Соңғы уақытта Андрей Баль киевтік «Динамода» спорт директорының көмекшісі қызметінде жұмыс жасады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;