русский язык
Футбол

Тонев паспортты кімнің жасап бергенін білмейді, бірақ күдіктілер бар

Тонев паспортты кімнің жасап бергенін білмейді, бірақ күдіктілер бар

«PROСПОРТ Қазақстан» қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы Никола Тонев қазір немен айналысып жатқанын және ойыншыларды азаматыққа қабылдау сұрақтары бойынша бойынша болған комиссия отырысына неге келмегенін анықтады.

«Қазір Тонев Грецияда оңалту курсынан өтіп жатыр. Ол азаматыққа қабылдау сұрақтары бойынша өткізілген комиссия отырысының болатынын білген жоқ, сондықтан келмеді. Сондай-ақ, «Тобыл» жазалау уақытын бір жыл немесе осы маусымның соңына дейін қысқартуға ниетті екенін естідім. Әр жақта оған паспортты кімнің істеп бергені туралы түрлі өсектер тарап жүр, бірақ, шынымды айтсам, оның өзі де білмейді. Десек те, күдіктенетін адамдары бар. Жақында Тонев «Тобылдың» басшылығымен кездесіп, олардың қорғап-қорғамасын білу үшін Қазақстанға ұшып келеді. Қазір Никола бұл туралы ешкіммен сөйлескісі келмейді – оған ойлануға уақыт керек: ТБК-ге өзі бару қажет пе, жоқ оның орнына бәрін «Тобыл» жасай ма? Қиын жағдай, бірақ шешуге болады», - деді «PROСПОРТ» тілшісіне өзін жасырын қалдырғысы келген дереккөз.   

Естеріңізге сала кетсек, ТБК-нің жақында болған отырысында заңсыз құжат бергеніне байланысты «Тобылдан» ҚПЛ-да үш ұпай алынып, 700 000 теңге айыппұл салынды. Тонев болса, ҚФФ аясында өтетін барлық сайысқа өмір бойы қатыса алмайды. Сондай-ақ оған да 500 000 теңге айыппұл салынды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;