русский язык
Футбол

Рақымжан Розыбакиев: «Ұлттық құрамаға шақырту алғаныма қуаныштымын»

Рақымжан Розыбакиев: «Ұлттық құрамаға шақырту алғаныма қуаныштымын»

Қызылордалық «Қайсардың» ойыншысы Рақымжан Розыбакиев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құрама сапына шақырту алғанына сенбегенін айтты.

Шақырту аламын деп күтпедім, - деп бастады Рақымжан. – Меніңше, әрбір ойыншы үшін ұлттық құрама сапында өнер көрсету - мәртебе. Қазірде ОЖЖ қызықты өтіп жатыр, бас бапкер жаңа ойыншылармен танысуда. 

- Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесуде ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынызды өткізуіңіз мүмкін...

- Иә, алғашқы ойынымды Тәжікстанға қарсы кездесуде өткізгім келеді. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болар еді.

- Юрий Красножан жайлы пікіріңіз қандай?

- Өте тәжірибелі бапкер екені көрініп тұр. Жаңадан көп нәрсе үйрендім. Бапкердің нұсқауын тындап, екі етпей орындауға тырысудамын. 

- Биылғы маусымды тамаша өткізіп жатырсыз...

- Келісемін. Бұл менің үздік маусымым.

- «Қайсар» биылғы маусымда жақсы нәтиже көрсетуде. Себебі неде деп ойлайсыз? 

- Оқу-жаттығу жиынын басталды бәрі. Алдымызға биік мақсаттар қойылды. Сондай-ақ, бас бапкердің барлық нұсқауын сәтті орындап жатырмыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;