«Астана» үздік бестікте
![«Астана» үздік бестікте](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1407553702_930131646.jpg?v=28703068)
УЕФА-ның мәліметтеріне сәйкес, «Астана» Еуропа лигасының іріктеу сынында ең көп гол салған командалардың үздік бестігіне енді.
Бұл тізімде екінші раундтан бастап, 4 ойын ғана өткізген және соған қарамастан 17 гол салған ресейлік «Краснодар» көш бастап тұр. Екінші орынға словакиялық «Спартак» жайғасты. Үздік үштікті норвегиялық «Тромсе» түйіндеді.
1. «Краснодар» (Ресей) - 17 гол (4 ойын);
2. «Спартак Трнава» (Словакия) - 15 гол (6 ойын);
3. «Тромсе» (Норвегия) - 14 гол (6 ойын);
4. «Стьярнан» (Исландия) - 13 гол (6 ойын);
5. «Астана» (Қазақстан) - 13 гол (6 ойын).
Еске сала кетейік, «Астана» үшінші кезеңде шведтің «АИК» командасын екі ойын қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңді.