русский язык
Хоккей

Азиялық шақырту кубогы. Қазақстан құрамасы екінші орын алды

Азиялық шақырту кубогы. Қазақстан құрамасы екінші орын алды

Қазақстан жастар құрамасы Оңтүстік-Сахалинскте өткен хоккейден Азиялық шақырту кубогында күміс медаль еншіледі.

Қорытынды, шешуші матчта Сергей Старыгин шәкірттері ЖХЛ құрамасы «Красные Звезды» командасына жол берді.

Ойынның есебі екінші кезеңде ашылды – мұны «Красные Звездыдың» шабуылшысы Никита Пухов жасады. Алайда екінші жиырма минуттық аяқталар тұста қазақстандық команданың қорғаушысы Денис Сентюшин таразы басын теңестірді.

Үшінші кезеңнің орта белінде аймақтық басымдыққа ие болған айдын қожайындары Юрий Ломакиннің көмегімен алға шықты. Ақтық сиренаның естілуіне бір жарым минут қалғанда Владимир Лукачик ойын мен жалпы турнирдің нүктесін қойды.

 

«Красные Звезды» – Қазақстан 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)

1:0 – Пухов (Гензе) – 23:53

1:1 – Сентюшкин (Фисенко) – 29:52

2:1 – Ю. Ломакин (В. Ломакин) – 49:11

3:1 – Лукачик (Гензе) – 18:35

ҚақпашыларИвандиков – Севидов


iFrameiFrameiFrameiFrame

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;