русский язык
Футбол

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне екі командамыз өтті

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне екі командамыз өтті

Қазақстан командалары Еуропа лигасының үшінші іріктеу додасы аясындағы жауапты ойындарын өткізді.

«Астана» сырт алаңында Швецияның АИК командасын ойсырата жеңді. Стокгольмде өткен кездесу 3:0 есебімен Станимир Стоилов командасының жеңісімен аяқталды. Алдымен Фокси Кетевоама есеп ашса, артынша Дмитрий Шомко мен Бауыржан Жолшиев бір-бір голдан соғып, есепті еселей түсті. Осылайша «Астана» Еуропа лигасының плей-офф додасына жолдама алды.

Өкінішке қарай, Қарағандының «Шахтері» плей-офф кезеңінде елордалық командаға серік бола алмайды. Өз алаңында Хорватияның «Хайдук» командасын 4:2 есебімен тізерлеткен «кеншілер» түзде 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Сонымен, бүгін УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылып, «Ақтөбе» мен «Астана» өзінің қарсыластарын анықтайды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;