русский язык
Футбол

«Тобыл» футбол клубының үш ұпайы шегерілді

«Тобыл» футбол клубының үш ұпайы шегерілді

2014 жылдың 6 тамызында өткен Тәртіптік-бақылау комитетінің (ТБК) мәжілісінде футболшы Никола Тоневтің Қазақстан азаматтығын заңсыз жолмен алғандығы туралы мәселе қарастырылып, «Тобыл» футбол клубына 700 мың теңге айыппұл салынды, деп мәлімдейді ҚФФ ресми сайты.

Сондай-ақ, турнир кестесінен үш ұпайы шегерілді. Ал Никола Тоневке оның Қазақстан Республикасының азаматы екендігін куәландыратын төлқұжатты заңсыз жасатқаны үшін 2014 жылдың 6 тамызынан бастап ҚФФ аясында өтетін барлық додалардан мәңгілікке аластатылып, 500 000 теңге айыппұл салынды.

КФЛ төрағасы М.И. Гурманның түсініктемесі:

«Тәртіптік-бақылау комитетінің бұл мәселені қарастыруына ҚФФ-тың арнайы комиссиясы берген материалдары себеп болды.  Соның нәтижесінде футболшы Никола Тоневтің ҚР азаматтығын заңсыз жолмен алғаны анықталған. ТБК "Тобыл" футбол клубының ресми ұстанымын қарастырды. Яғни, клуб Никола Тоневтің заңсыз жолмен азаматтық алғанын білмегенін айтқан. Н. Тоневтің өзінен түсініктеме ала алмадық. Өйткені, ол Комиссияның да, Тәртіптік бақылау комитетінің де мәжілістеріне келмеді. Осы мәселелерге байланысты "Тобыл" футбол клубының Н. Тоневтің заңсыз жолмен азаматтық алғанын білмегенін, бірақ футболшыларды жаңа маусымға тіркеу алдында олардың азаматтықтарын тексерулерін тиіс екендігін негізге алған Тәртіптік-бақылау комитеті ҚФФ Тәртіптік регламенттің 117 бабына сүйеніп, "Тобыл" футбол клубының үш ұпайын шегерді және 700 000 теңге айыппұл салды. Ал Никола Тоневтің мәңгілік дисвалификациясы ҚФФ Тәртіптік бақылау комитетінің 125 бабы бойынша жоғарыдағы материалдар мен Никола Тоневтің ҚФФ-пен серіктестік орнатудан бас тартқандығын негізге ала отырып қабылданды.

 

 

Сондай-ақ, ТБК мәжіліснде мынадай шешімдер қабылданды:  

 

ЧЕМПИОНАТ

 

XXII тур

·              «Спартак» - «Тобол»

Командасының өрескелдігі үшін (5 ойыншыға ескерту көрсетілді) "Тобыл" футбол клубына 200 000 теңге айыппұл салынды. 

 

 

БІРІНШІ ЛИГА КЛУБТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БІРІНШІЛІК

 

XVI тур

·              «Лашын» - «Гефест»

Матчқа келмегендігі үшін "Гефест" футбол клубына 0:3 есебі жазылып, 600 000 теңге айыппұл салынды. Ал "Лашын" футбол клубына 3:0 есебі жазылды.

 

 

ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМ КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

 

XXIтур

·              «Қайрат» - «Спартак»

Командасының өрескелдігі үшін (5 ойыншыға ескерту көрсетілді) "Қайрат" футбол клубына 100 000 теңге айыппұл салынды. .

 

XXII тур

·              «Жетісу» - «Ордабасы»

Матчтың ресми өкілін балағаттағаны үшін "Астана" футбол клубының жаттықтырушысы Алиев Яшарға 75 000 теңге айыппұл салынды.

 

·              «Ордабасы» - «Қайсар»

Қарсыласын ұрғаны үшін "Ордабасы" футбол клубының ойыншысы Бақтығалиев Елдар 3 матчқа алаңнан шеттетілді.

Қарсыласын ұрғаны үшін "Қайсар" футбол клубының ойыншысы Алтынбеков Елжас 3 матчқа алаңнан шеттетілді.

 

 

ӘЙЕЛДЕР ФУТБОЛЫ

 

XI тур

·              «СШВСМ-Қайрат» - «Көкше»

Қарсыласын гол соғатын тамаша мүмкіндіктен рұқсат етілмеген әдіс арқылы айырғаны үшін «СШВСМ-Қайрат» футбол клубының ойыншысы Цеван Екатерина 1 ойыннан шеттетілді.

 

ЖАСТАР ФУТБОЛЫ

 

 1996 жылғы жеткіншектер арасындағы турнир

 

·              «Ақтөбе» - «Ақжайық»

Командасының өрескелдігі үшін (5 ойыншыға ескерту көрсетілді) "Ақтөбе футбол клубына 30 000 теңге айыппұл салынды. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;