русский язык

Регбиден әлем кубогы өтуде. Жаңа Зеландия ойламаған жерден Ирландиядан ұтылды

Регбиден әлем кубогы өтуде. Жаңа Зеландия ойламаған жерден Ирландиядан ұтылды

Францияда регбиден қыздар командалары арасында әлем кубогы өтуде, деп хабарлайды kazakh-tv.kz сайты.

Қатарынан төрт рет әлем чемпионы атанған Жаңа Зеландия қыздары ойламаған жерден Ирландиядан ұтылды. Қорғанысты мықтап бекітіп, шабуылда ширақ қимылдаған Еуропалықтар жеңіске бастар жолды жаңылмай тапты. Есеп: 17:14. Енді Ирландия Қазақстан құрамасын жеңсе, жартылай финалдық жолдамаға иелік етеді. Біздің қыздардың шамасы о баста белгілі болған. Жерлестеріміз Америкалықтармен болған кездесуде 7:0 есебімен алда тұрған еді. Алайда ойынның қалған уақытында АҚШ құрамасы 47 ұпай жинап, біздің регбишілерге еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп 47:7. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;