русский язык
Футбол

Қайрат Баймаханов: «Жерсіндіру – Қазақ футболының қасіреті!»

Қайрат Баймаханов: «Жерсіндіру – Қазақ футболының қасіреті!»

Футбол агенті Қайрат Баймаханов «PROСПОРТ» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

«PROСПОРТ» анықтамасы

Қайрат Баймаханов

Туған жылы: 30.03.1981

Футболшы мансабы:

1996–97 – «Қайсар», 1998-2000 – «Қайрат», 2001–2002 «Манғыстау», 2002–2004 – «Батыс», 2004–2005 «Атырау»

Ұлттық құрама сапында:

1996–1997 – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17), 1997–1998 – Қазақстан жастар құрамасы (U-19)

Кәсіби мансабы:

2005–2007 – Евразиялық өнеркәсіп компаниясының қаржы сарапшысы, 2010–2011 – «Тараз» ФК спорттық директоры, 2012 – қ.т. – агент-селекцияшы

 

– Қайрат, қазіргі таңда сіз жеке агенттік компанияны басқарып селекциямен айналысып жүрсіз. Қызметіңіздегі жетістіктер туралы айтып берсеңіз...

– Селекциямен айналасып ойыншыларды іздегенбіз. Көптеген командалар мықты ойыншыларды бізден сұрайды. Жергілікті ойыншылармен қатар шетелдік футболшылар да сұраныста. Сондықтан, Еуропағада назар аударып жатырмыз. Көп командалар ойыншының түйіндемесін оқып командаға ала саламыз деп ойлайды. Бұл қате түсінік.

– Футболшының түйіндемесімен танысқан сәтте, не нәрсеге көңіл аударасыз?

– Біз үшін ең алдымен ойыншының тәжірибесі манызды. Қай чемпионатта, қай командада ойнағанын ескереміз. Қазақстан премьер-лигасының деңгейі жоғарлады. Мәселен, Латвияның үздік ойыншысы мен бомбардирі Қазақстанда тура солай ойнай алады деп нақты айта алмаймын. Қазақстан біріншілігінің деңгейі - Балтика елдері мен кейбір Шығыс Еуропа мемлекеттерінің чемпионатарынан жоғары.  

– Футболшының түйіндемесімен танысқан соң келесі кезең қандай?

– Итальяндық скаут жүйесі бойынша сараптама жүргіземіз. Қазірде, әрбір футболшының статистикасымен танысуға болады. Міндетті түрде футболшының бірнеше ойынын тамашалаймыз. Содан соң ғана оның деңгейін анықтауға болады. Артынша, сол ойыншыны – клубтарға ұсынасымыз.

– Соңғы кездері шетелдік ойыншылар байқаудан өткісі келмейді. Осы мәселе трансферге кедергі келтіреді ме?

– Қазақстандық командалардың көбісі ойыншыны сатып алу алдында, оны байқаудан өткізеді. Шетелде жақсы өнер көрсетіп жүрген ойышыларды үш күндік байқауға шақыру өте қиын. Ал, «Ақтөбе» мен «Астана» секілді командалар байқаудан өткізбей-ақ ойыншыларды сатып алады. 

– ҚПЛ-ға байқаудан өткізбей орналастырған ойыншыларыңыз болды ма?

– Желтоқсан айында көп командаларға Савио Нсереко, Ги Стефан Эссаме мен Милош Трифуновичті ұсынғанбыз. Көбісі байқаудан өткізбей командаға қабылдаудан бас тартты. Сосын, «Атырауға» Белявский мен Юревич келді. Олар ойыншылардың агентімен жақсы таныс болғандықтан, байқаудан өткізбей келісімшартқа отырды. Қазіргі таңда, бұл футболшылар өз командаларының жетекші ойыншылары деп айтуға болады. 

– Савио Нсереко көп уақыт бойы командасыз болды. Оны біздің клубтар алмай қояды деп қорыққан жоқсыз ба?

– Нсереко Германия чемпионатында ойнаған. Оның түйіндемесі өте жақсы. Юревич бұл ойыншыға үлкен сенім артқан.

– Көптеген командалар сіздің көмегіңізге сүйенеді. Қай позицияға жақсы ойыншыларды таңдайсыз?

– Ең алдымен, мықты шабуылшылардың жоқтығы көзге түседі. Барлық командалар шапшаң, гол соққыш әрі арзан шабуылшыны іздейді. Ондай ойншыларды табу қиынның қиыны. «Қайсар» командасына осындай бір шабуылшыны іздегенбіз. Душан Савичті ұсындық. Артынша, бұл ойыншы Дмитрий Огайға ұнап қалды.

– Соңғы уақытта ел біріншілігіне мықты легионерлер келе бастады...

– Қазір Еуропада дағдарыс. «Үздік бестік» елдерінің чемпионатына ғана бұның қатысы жоқ. Мысалы, Португалияда және басқа елдерде қаржылық тұрғыда қиындықтар бар. «Тобылда» Австрияның чемпионы Шимкович өнер көрсетіп жүр. Былтырғы маусымда ол «Аустрия» сапында Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде  ойнаған. Австрияда жалақысы жоғары болды деп айта алмаймын. Өзі де «Манчестер» секілді мықты командалардан ұсыныс келмейтінін түсінді.    

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасында ойнағанын және Қазақстанда жалақы жоғары екенін жақсы білді.

– Никола Тоневті Қазақстан чемпионатының ең үздік легионері деп есептейсіз бе?

– Никола Тонев 2010-шы жылы «Таразға» ауысқанында минималды жалақыға келісті. Қазірде оның деңгейі өсті, сонымен қатар жалақысы да көтерілді. Меніңше, ең тұрақты ойыншы Абдуллаи Диакате. Біз оны Түркияның екінші лигасынан әкелген болатынбыз. Негізінде, ол «Қайратқа» ауысуы керек болған. Артынша, шымкенттік «Ордабасыға» көшті.  

– Никола Тоневке қатысты дау-дамай жайлы пікіріңіз қандай?

– Тоневтің Чехиядан «Таразға» келуі - менің ең алғашқы трансферім болған. Кейін «Волгарьға» ауысуына көмектестім. Артынша, оның «Сұңқар» мен «Тобылға» ауысуына балқандық агенттер жауапты болды. Паспортқа қатысты дауы жайлы естуім аз. Оның қаншалықты паспорты дұрыс екенін – сот шешеді. Кейбір БАҚ өкілдері бұған менің қатысым бар деп жазған, бірақ менің еш қатысым жоқ.  

Жалпы, менің ойымша, жерсіндіру – Қазақ футболының қасіретіне айналған!

– Бекбаевтың «Тобылдан» кетуі жайлы не айтасыз?

– Алмат Бекбаевті құрметтеймін. Мықты фуболшы, «Тобыл» онымен екіжылдық келісімшартқа отырған болатын. Бірақ, мен оған біржылдық келісімге қол қой деп айтқан болатынмын. Бір жылдан кейін, Алмат командадан кеткім келеді деді. Трансфермен көмектесуді сұрады. «Тобыл» басшлығынан оны жіберуге рұқсат сұрадым. Қостанайлық команда жібергісі келмеді. Артынша, Алмат кәсіподаққа жолығып, төрт айлық дисквалификациядан өтіп, «Ақтөбеге» ауысты.    

– Өзіңіздің ең үзідік үш трансферіңізді атап шықсаңыз...

– Босния құрамасының ойыншысы Дарко Малетичті айтуға болады. Оның «Ақтөбеге» ауысуына үлкен үлес қостық. Ойыншының деңгейі неғұрлым жоғары болса, онымен келісіссөз жүргізу соншалықты қиын. Қуанышымызға орай, Малетич Қазақстанға келді. Шимковичтің келуі де біз үшін жақсы трансфер деп есептймін. Бұл екі ойыншы бізге тегін келді. Сондай-ақ, Диакате мен Тоневті де бұл тізімге қосуға болады.

Олег Недашковскийдің «Қайраттан» «Таразға» ауысуы сізді таң қалдырды ма?

– Олег жамбыл футбол мектебінің түлегі. Нағыз батыр. Меніңше, Недашковскийдің «Таразға» кетуі «Қайрат» үшін шығын болды.

«Қап, әттеген-ай» дегізіп орындалмай қалған трансферлер болды ма?

– «Ақтөбе» 3-4 жыл бойы  сұрмерген шабуылшы іздеп жүр. Сенегалдық шабуылшы Ламина Диарраның ел чемпионы сапына ауыспауы өкінішті болды. Сербиялық «Партизан» сапында бұл ойыншы көп гол соққан болатын. Келіссөз ұзаққа созылды, «Партизанның» басшылығы оны жіберуге рұқсат берді. Диарра «Ақтөбеге» келгенінде жалақыны жоғарлатуды сұрады, доллар емес еурода болсын деді. Осылайша, трансфер орындалмады. Содан соң, Диарра түркиялық «Антальяспорға» ауысып, «Бешикташ», «Галатасарай», «Фенербахче» секілді командалардың қақпасына гол соққан.  

Тура сол кезде «Ақтөбе» ойыншының командаға қайта келгенін қалады. Бірақ, түркиялық команда бұл ойыншы үшін миллион еуро сұрады. Сондай-ақ, «Амкардың» шабуылшысы Мартин Якубко «Ордабасыға» ауысуға дайын болды. Бірақ байқаудан өту керек деген соң, трансферден бас тартты.

Биылғы маусым алдында «Тобыл» мықты шабуылшыны іздеді. Бразилияда өткен әлем біріншілігінде Гондурас сапында Эвкадорға гол соққан Карло Костлидің қостанайлық командаға ауыспауы өте өкінішті жайт. Келіссөздің соңғы кезеңінде шабуылшы мундиаль басталғанша ешқайда ауыспайтынын айтты. Кейін, «Ризеспордың» шабуылшысы Уче Калу «Тобылға» ауысыдың орнына басқа бір түркиялық клубқа көшті. Аталған ойыншылар «Тобылға» көмектесер еді деп ойлаймын.

– ФИФА-ның нұсқауымен келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап агенттік қызметтер жойылатын болады. Бұл туралы не айтасыз?

– Осы қызметте жүргеніме бірнеше жыл болды. Мен үшін бұл жағымсыз фактор: Ойыншының агенті бар.  Белгілі бір команда ойыншыны сатып алғысы келеді, бірақ оның агенті көп ақша сұрайды. Сол себептен футболшы ауыспай қалады. Алайда біздің футболшылар көп нәрсене біле бермейді. Мәселен, футболшының агенті трансферге қарсы болса да, ойыншы кез-келген командаға кетуге құқығы бар.

– Сіздің ойыңызша, футболшылар үшін агенттер кедергі бола ма?

– Біздің ойыншыларымыз өз құқығын білмеген соң, агенттерден қорқады. Егерде ойыншы жас болса, оған агент керек болады деп ойлаймын. Футболшы жалақының көтеруін талап етуге ұялады, осындай мәселелер туындағанда агент көмекке келеді.

 

       

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;