русский язык

Шахматтан Олимпиаданың төртінші туры қазақстандықтар үшін сәтті болды

Шахматтан Олимпиаданың төртінші туры қазақстандықтар үшін сәтті болды

 

Сайыс норвегиялық Тромсе қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының сайты.

Ерлер арасында еліміздің намысын Әнуар Исмағамбетов, Петр Костенко, Рустам Хуснутдинов пен Аслан Айтбаев қорғап жатыр. Исмағамбетов Молдавияның ең үздік гроссмейстері Виорел Бологонға қарсы маңызды жеңіске қол жеткізді.

Әйелдер арасында құрамамыз Колумбияны 3:1 есебімен жеңді. Гүлмира Дәулетова, Гүлихан Нахбаева және Динара Сәдуақасова Латын Америкасынан келген қарсыластарынан айласын асыра алды. Жансая Әбдімәлік жеңіліп қалды, алайда бұл команадамыздың жалпы есепте жеңуіне бөгет болмады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;