русский язык
Футбол

«Манчестер Юнайтед» Майами додасының жеңімпазы

«Манчестер Юнайтед» Майами додасының жеңімпазы

Майамида футболдан жолдастық турнирдың финалында «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» өзара кім мықтыны анықтады, деп мәлімдейді КТК арнасы.

Тартысқа толы бәсекеде Луи ван Галь шәкірттері 3:1 есебімен лайықты жеңіске жетті. Матчтың 14-ші минутында Стивен Джерард есеп ашты. Бірінші таймның соңына дейін таблодағы нәтиже өзгере қойған жоқ. Ал үзілістен кейін Уэйн Руни таразы басын теңестірді. Көп ұзамай Хуан Мата манчестерліктерді алға шығарды. Қалған уақытта Джесси Лингор тағы бір гол соғып, қорытынды есепті орнатты.

Естеріңізге сала кетсек бұл турнирға сегіз команда қатысқан. «Манчестер Юнайтед» топтық кезеңде «Рома», «Интер» және Мадридтық «Реалды» ұтқан болатын.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;