русский язык
Футбол

Кейлор Навас корольдік клуб сапын толықтырды

Кейлор Навас корольдік клуб сапын толықтырды

Мадрид қаласында 27-жастағы Коста-Рика құрамасының қақпашысы Кейлор Навасты таныстыру рәсімі өтті.

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен ресми таныстырылуға «Реал Мадрид» клубының мыңдаған жанкүйерлері тамашалауға келген және де клуб президенті Фиорентино Перес қақпашыға стадионның кішігір көшірмесін, сағат пен 13-ші нөмерлі жейдені табыстады.

Енді Кейлор Навас «Реалдан» «Монакоға» ауысқан Диего Лопестің орнын басады деп күтілуде.

Навас Бразилиядағы әлем чемпионатында өз құрамасымен ширек финалға дейін жетіп, Голландия құрамасына тек пенальтиден жол берген болатын. Сол Мундиальда ол үздік қақпашылардың бірі ретінде танылған.     

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;