русский язык
Футбол

Саулюс Ширмялис: «Қайсар» үш минуттың ішінде жағдайды өзгертіп жібере жаздады»

Саулюс Ширмялис: «Қайсар» үш минуттың ішінде жағдайды өзгертіп жібере жаздады»

 «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Саулюс Ширмялис «Ордабасы» - «Қайсар» кездесуінің соңғы минуттарында алаң иелеріне сәттіліктің жолдас болғанын айтты.

         Ойын» жөнінде
«Біз бүгін қарсылас команданың қалай 87 минут құр жүріп, бас-аяғы бірер минутта ойын тағдырын түбегейлі өзгертіп жібере жаздағанының куәсі болдық. Қуанышымызға орай, соңғы минуттарда қонақтар өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Әйтпегенде, қазір біз мүлдем басқаша көңіл-күйде отырар едік. Дегенмен, «Ордабасы» да қарсыласын ойсырай жеңуге болатын қауіпті шабуылдар ұйымдастырды».

         «Қайсар» туралы
«Қайсар» - өте қарымды, чемпионаттың алғашқы бөлігінде тамаша өнер көрсеткен команда. Сондықтан, бүгінгі ойынға тыңғылықты дайындалдық. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ».

         Премьер-лиганың екінші кезеңі
«Әлбетте, үздіктердің үздіктері қатарынан көріну – мақсатымыз. Бірақ чемпион боламыз, жүлдегер атанамыз деу әбестік болар. Неде болса, әр ойында тек жеңіс үшін алаңға шығамыз».

fckaysar.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;