русский язык
Футбол

«Хайдук» - «Шахтер» матчының билеттері сатылымға шықты

«Хайдук» - «Шахтер» матчының билеттері сатылымға шықты

УЕФА Еуропа Лигасы аясында өткен «Шахтер» мен «Хайдук» арасындағы қарымта матчтың билеттері сатылымға түсті, деп хабарлайды хорватиялық клубтың ресми сайты.

Билеттер бағасына қарай 4 түрге бөлінген. Солтүстік пен оңтүстік мінбеге билеттер 60 хорват куні, яғни 1900-2000 теңге тұрады. Ал шығыс мінбелер бағасы (N, O, S, T) 80 хорват кун (2500-2600 теңге), ал (B, C, F, G, P, R) мінбелері - 100 кун (3100-3200 теңге) шамасында. Ал ең қымбат билеттер батыс (D, E) мінбелерінде екен, олардың бағасы 120 куннан жоғары (3800-3900 теңге) тұрады.

Естеріңізге сала кетейік,  «Шахтер» мен «Хайдук» арасындағы қарымта кездесу 7 тамыз күні Сплит қаласында Астана уақытымен 23:30-да болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;