русский язык
Футбол

Алияр Агаев: «Хайдук» футболшылары мәдениетті әрі тәртіпті»

Алияр Агаев: «Хайдук» футболшылары мәдениетті әрі тәртіпті»

УЕФА Еуропа Лигасы аясында өткен «Шахтер» мен «Хайдук» арасындағы матчта қазылық еткен Алияр Агаев «кеншілердің» бас бапкері Виктор Кумыковтың айтқан сөзіне өз пікірін білдірді.

«Шахтер» - «Хайдук» кездесуінде жақсы төрелік еттім деген ойдамын. Мүмкін алаң иелері олардың қақпасына 11 метрлік айыпдобын белгілегенім наразылық тудырған болар. Ал мен бұл ісім күмән келтірмейді деп ойлаймын. Менің көз алдымда болған жағдайд  дұрыс бағамдай білдім «Шахтер» ойыншысы айыпдобын тепкенде қолымен кедергі жасады. Бұны бейнеқайталаудан да байқауға болады. Жүз пайыз пенальти болды! Бұл ісімнің растығын матчтан соң құрметті серіктестерім де айтты», - дейді Агаев azerifootball.com сайтына.

Тағы да жас қазы «Хайдук» ойыншыларының өте тәртіпті екендігін айтты: «Хайдук» футболшыларының мәдениеті жайлы айта кетейін. ФИФА-да төрелік етіп жүргеніме екі жылдан асты, осы уақыт аралығында дәл осындай мәдениетті әрі тәртіпті команданы көрмептім. Хорватиялық футболшылар жеңілістеріне қарамастан өздерін нағыз жігіт ретінде ұстады», - деді Агаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;