русский язык
Футбол

Ойрат Садуов: «Екінші кезеңде тек биік орындарға таласамыз»

Ойрат Садуов: «Екінші кезеңде тек биік орындарға таласамыз»

Қазақстан чемпионатының 22-ші туры аясында өткен «Шахтер» мен «Ертіс» кездесуінен кейінгі баспасөз-мәслихатында павлодарлық команданың бапкері ойын жайлы пікірін білдірді.

«Ертіс» клубының бас бапкері Ойрат Садуов:

- Бүгін қос команда футболшылары жанкүйерлерін нәтижелі тең ойынмен қуантты деп ойлаймын. Екінші таймда төрт гол соғылды. Командада қазір қиын жағдай, біз екі ай бойы жеңіске жетпедік. Маусым барысында үш бас бапкер мен үш клуб директоры ауысты. Бұл құбылыс уақытша ғана деп ойлаймын. Чемпионаттың екінші кезеңінде ұпай жинап, биік орындар үшін күресетін боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;