русский язык
Футбол

Виктор Кумыков: «Маңызды үш ұпайдан айырылдық»

Виктор Кумыков: «Маңызды үш ұпайдан айырылдық»

Ел біріншілігінің кезекті туры аясында өткен «Шахтер» мен «Ертіс» кездесуінен кейінгі баспасөз-мәслихатында «кеншілердің» бас бапкері Виктор Кумыков ойыншыларына көңілі толмайтындығын айтты.

«Шахтерды» бас бапкері Виктор Кумыков:

- Бүгін біз жеңіске жетпей, өз алаңымызда маңызды үш ұпайдан айырылдық. Бұл тең ойын бізге жеңіліспен пара-пар. Алдағы уақытқа қойылған мақсат - Ел біріншілігінде, Қазақстан Кубогында және Еуропа Лигасында сәтті өнер көрсету. Бүгін алаңға шыққан ойыншылар өздерінің жақсы қырларын көрсете алмады. Өзбекстан легионерлері Саломов пен Мурзоевке келер болсақ қысқы маусымаралық уақытта бұдан мықты футболшылар алуға болатын еді, бірақ оған қосымша қаражат керек. Сондықтан осы футболшылармен шектелуді жөн көрдік.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;