русский язык
Теннис

Королев Германиядағы жарыста топ жарды

Королев Германиядағы жарыста топ жарды

Германияның Вецлар қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Евгений Королев ақтық айқаста алаң иесін айқын басымдықпен жеңіп, бас жүлдені қанжығаға байлады, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

 Неміс спортшысы Юлиан Ленцті 6:0, 0:6, 6:3 есебімен жеңген жерлесіміз енді әлемдік теннис қауымдастығы түзген рейтингтің 823-сатысына көтерілді. Ал оның финалдық қарсыласы 991-орынға сырғыды. Ел мерейін асырған Евгений ақтық ойынға дейінгі кезеңде мысырлық мықты Хассан Басел мен жарыстың 4-ракеткасы атанған неміс теннисшісі Мориц Бауманды баудай түсірген болатын. Сосын тағы бір неміс тарланы Ян Чоински мен итальяндық Симоне Ваньоссиді де қапыда қалдырды. Сөйтіп, сыйақы қоры 10 мың долларды құрайтын турнирде жерлесіміз зор жеңіске қол жеткізді.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;