русский язык
Футбол

Қарағандыдағы кэмбэк. «Ертіс» жеңісті сақтап қала алмады

Қарағандыдағы кэмбэк. «Ертіс» жеңісті сақтап қала алмады

Футболдан Қазақстан чемпионатының 22-турында  Қарағандыда «Шахтер» керекулік «Ертісті» қабылдады.

Ойын күтпеген бағытта жылжыды. Алғашқы таймда жанкүйерлер гол көре алмағанымен, футболшылар бар қызықты екінші таймға сақтап қойыпты.

Үзілістен кейін Дудченко бірден қонақтарды алға шығарды. Керекуліктер мұнымен қоймай, 79-минутта есепті 0:2-ке жеткізді. Барлығы «Ертістің» қанжығасына үш ұпайды қосуға дайын тұрғанда «Шахтер» ойыншылары кездесудің тағдырын өзгертіп жіберді. Алдымен 84-минутта Топчагич есеп айырмасын қысқартса, ойын аяқталар тұста Вичюс таразы басын теңестіріп тастады – 2:2.

Бұл тең есеп қос команданы да турнир кестесіндегі бұрынғы орындарында қалдырды.

«Шахтер» - «Ертіс» 2:2 (0:0)

Голдар: 0:1 – Дудченко, 0:2 – Дудченко 79, 1:2 – Топчагич 84, 2:2 – Вичюс 89   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;