русский язык
Футбол

Жозе Моуриньо: «Коста трансферін жейдесімен емес, аяғымен ақтайды»

Жозе Моуриньо: «Коста трансферін жейдесімен емес, аяғымен ақтайды»

«Челсидің» бас бапкері Жозе Моуриньо сұхбаттарының бірінде команданың жаңа шабуылшысы Диего Коста өз трансферін сатылған жейдемен емес, аяғымен ақтайтынын айтты.

«Қазір Диего Костаның жейдесі көп сатылып жатқанын білемін. Бұл бизнес тұрғысында жақсы, бірақ мен Испания құрамасының шабуылшысы трансферін футбол алаңында ақтайды деп сенемін. Ол мұнда осы үшін келді ғой. Ол біз күткеннен де мықты», - деді Моуриньо.

Естеріңізге сала кетсек, Хамес Родригестің жейдесі мадридтік «Реалға» он күнде 50 миллион еуродан көп табыс әкелді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;