русский язык
Футбол

«ПСЖ» – Франция Суперкубогының иегері

«ПСЖ» – Франция Суперкубогының иегері

2 тамызда «ПСЖ» мен «Генгам» арасында Франция Суперкубогы сарапқа салынды.

Ел чемпионы мен Франция кубогы иегерінің кездесуінде париждіктер қарсыласына екі жауапсыз гол соқты.

Қос допты да Златан Ибрагимович салды. Швед алдымен 9-минутта есеп ашса, 20-минутта пенальтиден дубль жасады. 31-минутта «Генгамның» есеп айырмасын қысқартатын мүмкіндігі болды, алайда Мустафа Ятабаре пенальтиді сәтті орындай алмады.

Осылайша, «ПСЖ» тарихында төртінші рет Франция Суперкубогын (1995, 1998, 2013, 2014 жылдары) иеленді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;