русский язык
Футбол

Пеллегрини Лэмпардтың жалға берілгенін растады

Пеллегрини Лэмпардтың жалға берілгенін растады

Англиялық «Манчестер Сити» командасының бас бапкері Мануэль Пеллегрини жартылайқорғаушы Фрэнк Лэмпард «қалалықтар» қатарына қосылатынын растады.

Бір қызығы, танымал жартылайқорғаушы спорттық мансабын тек Англияда – «Челси» клубының сапында өткізген. 13 маусым өткізгеннен кейін осы жазда «Нью-Йорк Сити» командасымен екі жылдық келісімшартқа отырған болатын. Алайда америкалық клуб MLS маусымында тек 2015 жылдан бастап өнер көрсететін болғандықтан, футболшы ойын тәжірбиесінен айырылып қалмас үшін англиялық «МС» командасына жалға берді.

Англиялық басылымдардың мәлімдеуінше, Лэмпард Пеллегриниден «Челсиге» қарсы болатын кездесуге қатыспауын сұрапты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;