русский язык
Футбол

«Динамо» Вальбуэнамен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді

«Динамо» Вальбуэнамен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді

Мәскеулік «Динамо» ресми сайтында франциялық жартылай қорғаушы Матье Вальбуэнамен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Еңбек келісімі үш жылға жасалған.

Қыркүйекте 28 жасқа толатын футболшы бұған дейін сегіз маусым бойы марсельдік «Олимпиктің» намысын қорғап, 231 ресми матчқа қатысып, 26 гол соқты. Бұрынғы командасымен бірге Вальбуэна Франция чемпионы (2009/2010) атанып, үш рет Франциялық лига кубогын иеленді, сонымен қатар, екі рет Суперкубокта жеңіске жетті. 2008 және 2013 жылдары чемпионаттың символикалық құрамына енді.

Франция құрамасының сапында алғаш рет 2010 жылы 26 мамырда Коста-Рика командасына қарсы ойында алаңға шығып, жеңіс голын соқты (матч 2:1 есебімен аяқт алды). Жалпы құрамасының жейдесімен 37 матчта ойнады, оның қанжығасында 6 гол, сонымен қатар, 11 нәтижелі пас бар.

«Динамоның» дебютанты «ақ-көгілдір түстілердің» сапына ауысуы туралы былайша айтты: «Динамо» – қызықты жоба, менің осыған қатысқым келді. Мәскеуліктердің амбициясы менікіне сай және «Динамоның» жейдесімен дебютымды тағатсыздана күтемін. Клубтың алдына қойған міндеттерді орындау үшін бар күшімді саламын», - деді ойыншы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;