русский язык
Бокс

Қазақстан бокс федерациясының кубогы додасы басталды

Қазақстан бокс федерациясының кубогы додасы басталды

Алматыда Қазақстан бокс федерациясының кубогы жолындағы жарыс басталды, деп хабарлайды Кazakh-tv арнасы.

 Маңғыстау мен Павлодар облысы және Алматы қаласының командасы өзара жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Жеңімпаздар 3-ші тамызда анықталады. Бесінші рет ұйымдастырылған жарысқа тәжірибелі спортшылармен қатар енді ғана ересектер сынына араласып жүрген жастар да қатысуда.

Командалық жекпе-жек болған соң, жарыстың бірінші күні шаршы алаңға тек Алматы мен Павлодар спортшылары шықты. Ең жеңіл салмақта жергілікті спортшы Бағдат Толыбаев Жандос Дүйсековты ұпай санымен ұтып Алматы қоржынына алғашқы ұпайды салды. Одан кейін Ануар Мұзапаров командаласының жеңісті жолын жалғастырды. Ол Қуаныш Сабырдан басым түскен болатын. Сенбіде Маңғыстау мен Павлодар облысы өзара күш сынасса, жексенбі күні Алматы мен Маңғыстау облысының боксшылары қолғап түйістіреді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;