русский язык
Футбол

«Ақтөбе» - чемпион атанды

«Ақтөбе» - чемпион атанды

«Ақтөбе» командасының қосалқы құрамы «Таразбен» алтын үшін болған кездесуде жеңіске жетіп, алтыннан алқа тағынды.

Батысқазақстандық клубтың қосалқы құрамы дубль чемпионатында алматылық «Қайраттан» бір ұпайға озып, жарыс жеңімпазы атанды.

Матч тағдырын 67-ші минутта Аслан Кәкімовтің соққан жалғыз голы шешті.

Ал үшінші орынға «Ордабасы», «Шахтер» мен «Атырау» командаларының жастары таласуда.

 

Қослқы құрам арасындағы чемпионат

«Ақтөбе-д» — «Тараз-д» 1:0 (0:0)

Гол: Кәкімов 67 (1:0)

Судья: Гущин (Ақтөбе)

01.08.2014. Ақтөбе. ОДЮШОР № 8.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;