русский язык
Хоккей

Анатолий Мелихов: «Назаров – жақсы маман»

Анатолий Мелихов: «Назаров – жақсы маман»

«Барыс» хоккей клубының бұрынғы бапкері Анатолий Мелихов алдағы маусым туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды sport.nur.kz.

«Өз басым Андрей Нзаровпен жеке кездесіп көрмептім. Бірақ бір білерім, ол мықты динамолық мектіптің түлегі. Бір уақыттары Ресей құрамасының бапкерлер құрамына кірген. Сөзсіз мықты бапкер. 

Кез келген жаттықтырушыға жақсы құрам керек. Кезінде елордада ойнаған Кевин Даллмэнның қайтып оралуы өте жақсы жаңалық, алайда басқа да мықты хоккейшілермен толығу қажет.

Қазіргі таңда «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасының алдағы маусымында қалай өнер көрсететінін айту қиын. Маусымға құрамды толықтай жасақталып болғаннан кейін бірнәрсе айтуға болады», - деді Анатолий Михайлов.

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;