русский язык
Футбол

Владимир Вайсстың «Амкарды» жаттықтыруы мүмкін болған

Владимир Вайсстың «Амкарды» жаттықтыруы мүмкін болған

«Қайраттың» бүгінгі бапкерінен бөлек пермдік клубтың тізгінін Сергей Овчинников пен Андрей Гордеевтің ұстауы мүмкін болды, деп хабарлайды «Амкардың» президенті Геннадий Шилов.

«Бас бапкерді таңдап жатқан кезде онға жуық кандидатты қарадық. Кейін бұл тізім төртеуге дейін қысқарды. Славолюб Муслиннен бөлек, оған Андрей Гордеев, Сергей Овчинников және Владимир Вайсс кірді. Барлығының пікірін тыңдап, маманның кәсіпқойлығы мен ресейлік футболдағы тәжірибесін алға қойдық та, Муслиннің кадидатурасына тоқталып, бапкермен екі жылдық келісім-шартқа отырдық», - деді Шилов.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;