русский язык
Велоспорт

Нибали «Pro Team Astana» клубында 2016 жылға дейін болады

Нибали «Pro Team Astana» клубында 2016 жылға дейін болады

Винченцо Нибали 2016 жылға дейін «Астана» намысын қорғайды, деп мәлімдейді Қазспорт арнасы.

Ең атақты «Тур де Франс – 2014» велобәйгесі қазақстандық «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибалидің жеңісімен аяқталды.

Ол осыған дейін испаниялық «Вуэльта» мен италиялық «Джиро д’Италия» көпкүндік жарыстарын ұтқан. Осылайша Нибали үш супервелокөпкүндікті ұтқан тарихтағы алтыншы спортшы болды.
Винченцо Нибали «Астана» командасының сапында 2016 жылға дейін қалатынын айтты, деп хабарлайды Еuronews.

Осы арнаның тілшісіне берген сұхбатында италиялық велошабандоз Франциядағы жарысқа тыңғылықты дайындалғанын, жеңіске жету үшін «Астана» командасының барлық көмектескенін жеткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;