русский язык
Футбол

Қазақстан жастар құрамасы Шымкентте бақылау ойындары өткізеді

Қазақстан жастар құрамасы Шымкентте бақылау ойындары өткізеді

Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына дайындық барысында Қазақстан жастар құрамасы (U-21) тамыздың 9-ы мен 13-і аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын барысында 12-12 тамыз күндері Қырғызстанның Олимпиялық құрамасымен жолдастық кездесу жоспарлануда, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

 

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Саулюс Ширмялис бұл жиынға мына футболшыларды шақыртты:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Шахтер»), Станислав Павлов («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы»), Марат Бутуев («Атырау»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Берік Шаихов («Жетісу»), Мақсат Әмірханов («Тараз»), Евгений Левин («Ақтөбе»);
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Илья Калинин («Қайсар»), Георгий Жуков («Астана»), Игорь Пикалкин («Астана»), Александр Ульшин («Оқжетпес»), Абылайхан Тотай («Жетісу»), Жақып Қожамберді («Тараз»);
Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай («Шахтер»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Максим Фильчаков («Ордабасы»), Виталий Ли («Қайрат»).

Тізімдегі футболшылардың қай-қайсысы қандай да бір себептерге байланысты командадан тыс қалса, онда олардың орындарына резервтегі ойыншылардың бірі шақырылады:

Қорғаушылар: Кирилл Пасичник («Оқжетпес»), Григорий Сартаков («Ертіс»);
Жартылай қорғаушы: Рауан Сариев («Жетісу»);
Шабуылшы: Әлішер Сүлей («Тобыл»).

Бапкерлер алқасы:
Саулюс Ширмялис – аға жаттықтырушы, Йозеф Шкрлик – аға жаттықтырушының көмекшісі, Андрей Ферапонтов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Игорь Кулиш – қақпашылар бапкері, Юрий Свидрицкий – дәрігер, Қайратәли Күнқожаев – массажшы, Сергей Андрейко – менеджер, Кирилл Черненко – әкімші.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;