русский язык
Футбол

Еуропа Лигасы. «Астана» «АИК»-пен тең түсті

Еуропа Лигасы. «Астана» «АИК»-пен тең түсті

Футболдан Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» өз алаңында АИК-ты ұта алмады.

«Астана Аренада» өрбіген тартысты кездесуде жеңімпаз анықталмады. Матчтың 8-ші минутында-ақ АИК командасының ойыншысы Бауи әдемі соққымен есеп ашты – 1:0. Содан соң, қонақтар есепті еселейтін мүмкіндіктерін жіберіп алды. Ал бірінші таймның аяқталуына үш минут қалғанда «Астананың» капитаны Танат Нөсербаев Фокси Кетевоаманың пасынан таразы басын теңестірді – 1:1.

Үзілістен кейін алаң қожайындары екінші голды соғуға ұмтылды. Әйтсе де, елордалық команданың шабуылдарына дәлдік жетіспеді. Артынша, Фокси қақпашымен бірге-бірге шығып, Карлгреннен айласын асыра алмады. Өкінішке қарай, ойын соңына дейін есеп өзгермеді.

Осылайша, бұл матчтың жеңімпазы бір аптадан кейін Стокгольмде анықталады.  

Футболдан Еуропа Лигасы. 3-ші іріктеу кезең. Бірінші ойын

«Астана» – «АИК» - 1:1

Голдар: Нөсербаев, 42 – Бауи, 8

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;