Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты болады
![Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты болады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406803069_136949496.jpg?v=28697481)
Сайыс 31 шілде мен 4 тамыздың арасында Алматыда өтеді, деп хабарлайды inform.kz.
Бір қызығы, бұл сайысқа 18 жасқа дейінгі спортшылар ғана қатыса алады. Іс-шара Алматы облысындағы Үшқоңыр ауылында орналасқан «Қазанат» ипподромында өтеді. Қатысушылар өзара көкпар, аударыспақ және теңге алу сайыстары бойынша бақ сынайды.