Джон Маккейн: «ЧМ-2018-ге АҚШ тарапынан біржақты бойкот жасау жақсылыққа алып келмейді»
![Джон Маккейн: «ЧМ-2018-ге АҚШ тарапынан біржақты бойкот жасау жақсылыққа алып келмейді»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406801442_31826061.jpg?v=28699287)
Америкалық сенатор Джон Маккейн ФИФА-ға Ресейде өтетін ӘЧ-2018-ге байкот жасауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sports.ru.
«ФИФА осы шешімін қайта қарауы тиіс. Бірақ бірден айтайын, ЧМ-2018-ге АҚШ тарапынан біржақты бойкот жасау жақсылыққа алып келмейді.
КСРО Ауғанстанға әскерін алып келгенде АҚШ Олимпиада-1980-ге бойкот жасағаны әлі есімде. Бұл әйгілі болмаған шешім болатын.
Бірақ халықаралық қауымдастық біздің бастамамызды қолдаса, қуанышты болар едім», - деді сенатор.