Фабио Капелло: «Акинфеев ӘЧ-2018-де ойнайды. Мен оған сенемін»
![Фабио Капелло: «Акинфеев ӘЧ-2018-де ойнайды. Мен оған сенемін»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406799106_263167958.jpg?v=28697486)
Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло келесі мундиальда да қақпада Игорь Акинфеевтің тұратынын айтты.
«Акинфеев ӘЧ-2018-де ойнайды. Мен Акинфеевке сенемін. Оны ұлы қақпашы деп санаймын.
ӘЧ-де біз ең егде командалардың бірі болдық. Менің нені меңзеп тұрғанымды түсіну үшін кейбір аттарды айтайын – Рязенцев, Григорьев, Миранчук, Беляев, мен тізімді жалғастыра аламын.
Құрама сапына ойнамайтын футболшыларды шақыра алмаймын. Өз клубында ойнаймайтын адамды мен қалай құрамаға шақырамын? Маған сол кезде клубтың жанкүйерлері «Иә-ә-ә, бапкер ештеңе де түсінбейді!» деп айтар еді.
Мен аптасына үш-төрт матчты өз көзіммен көремін, кейін ТВ бойынша. Менің ойыншыны көруім қажет қой! Олардың қалай ойнайтынын сезінуім керек. Егер олар ойнамаса, мен қалай шақырамын?», - деді Капелло.