русский язык
Хоккей

«Барыс» жолдастық кездесуде «Давосты» қапы қалдырды

«Барыс» жолдастық кездесуде «Давосты» қапы қалдырды

Швейцарияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан астаналық «Барыс» маусым алдындағы дайындық барысында алғашқы жолдастық кездесуінде жеңіске жетті.

Астананың қарсыласы белгілі «Шпенглер кубогы» халықаралық турнирінің қожайыны «Давос» клубымен болды. Кездесудің есебін швейцариялықтар ашты – бірінші кезеңде басымдық алған олар қорғаушы Лук Камперкиолидің көмегімен алға шықты. Андрей Назаровтың шәкірттері бұған үзілістен кейін Роман Савченконың дәл соққысымен жауап қатты.

Үшінші кезең ең нәтижелі болды – қос команда екеулеп жүріп бес шайба салды. Алдымен «Барыс» алға шықты және тағы да қорғаушылардың көмегімен – басымдық кезінде Майк Ландин бір шайбаның авторы атанды. Кейін шабуылшылар сөз алды – араға екі миннут та өтпей жатып «Давос» таразы басын теңестірді. Пертту Линдгрес көзге түсті. Алайда ойын аяқталар тұста Қазақстан астанасының хоккейшілері Евгений Рымарев пен Константин Руденконың қолдауымен екі шайба айырмашылығымен алға шықты. Бұған «Давос             « ойыншылары бір ғана голмен жауап қатты – ақтық сиренаның естілуіне 22 секунд қалғанда Дино Визер швейцариялықтардың үшінші  шайбасын салды.

 

«Давос» (Давос, Швейцария) – «Барыс» (Астана) 3:4 (1:0, 0:1, 2:3)

1:0 – Камперкиоли (Я. фон Аркс, Р. фон Аркс) – 15:42, басымдықта
1:1 – Савченко (Лакиза) – 37:32
1:2 – Ландин (Даллмэн) – 51:46,
басымдықта
2:2 – Линдгрен – 53:40
2:3 – Рымарев (Боченски) – 57:23
2:4 – Руденко (Пушкарев) – 58:25
3:4 – Д. Визер (Камперкиоли, Сибер) – 59:38

Қақпашылар: Леонардо (Швенденер) – Лацо

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;