русский язык
Футбол

Рио Фердинанд «КПР-ға» ауысты

Рио Фердинанд «КПР-ға» ауысты

Араға бір жыл үзіліс салып премьер-лигаға қайта оралған Куинз Парк Рейнджерс сапына «МЮ» ойыншысы Рио Фердинандты қосты, деп хабарлайды sport-express.ru сайты.

Бас бапкер Гарри Рэднап команданы тәжірибелі ойыншылармен толықтыруда. Солардың бірі тас қамал қорғаушы – Рио Фердинанд.

«12 жыл бойы Манчестер Юнайтедтің сапында біршама табыстарға кенелдім. Келісімшартым аяқталды. Көптеген командалардан ұсыныс түсті. «КПР-ды» таңдауыма бас бапкер Рэднап көп ықпалын тигізді. Енді осы команданың сапында бар күш жігерімді сарқимын», - дейді футболшы.

Фердинанд КПР сапында өзіне таныс бесінші нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;