Зарина Дияс 4-ші тамыз күні еліміздің бірінші ракеткасы атанады
![Зарина Дияс 4-ші тамыз күні еліміздің бірінші ракеткасы атанады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406712068_497185359.jpg?v=28698739)
Қазақ теннисшісі Зарина Дияс келесі аптадан бастап еліміздің 1-ракеткасы атанады.
Бұл туралы 24.kz арнасы мәлімдеді. Қазақ қызы Вашингтон турнирінің 2-айналымына өтті. Сондықтан ол өз отандасы Ярослава Шведовадан ұпай санымен озып, Қазақстанның 1-ракеткасы болады. Егер турнирдің 2-айналымында жапон спортшысы Куруми Нараны жеңсе, онда спорттық карьерасында үздік 50 теннисшісі қатарына енеді.