русский язык
Футбол

Хорватияның орнына Тәжікстан келеді

Хорватияның орнына Тәжікстан келеді

«Еуро-2016» іріктеу додасының аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Жалпы, Қазақстан мен Тәжікстан ұлттық құрамалары өзара үш кездесу өткізген. Екеуінде қазақстандықтар жеңіске жетсе, бір ойын тең аяқталған.

Бұған дейін хабарланғандай Қазақстан ұлттық құрамасы 5-13 тамыз күндері Талғардағы базада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Аталмыш жиын барысында Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2016» іріктеу додасына дайындығын пысықтамақ. Бас бапкер Юрий Красножан бұл жиынға барлығы 41 ойыншыны бас командамыздың кеңейтілген тізіміне қосып отыр. 

Ойын 12 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы – 19.30.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;