русский язык
Футбол

Роналдиньо Ресей чемпионатында ойнауға дайын

Роналдиньо Ресей чемпионатында ойнауға дайын

34 жастағы бразилиялық футболшының ағасы әрі агенті Роберто де Ассиш Роналдиньоның Ресейден ұсыныстарды қарауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Sports.ru.

«Роналдиньоның ойнағысы келеді. Сондықтан Ресейден қызықты жобалар келсе, ұсыныстарды қуана қарайды.

Ресей – тамаша ел, сол жақта ойнаған қызық болар еді. Алайда біз қазір Ресейден ғана емес, басқа елдерден де ешкіммен сөйлеспедік. Роналдиньо болашағын жақын арада анықтайды», - деді де Ассиш.

Естеріңізге сала кетсек, Роналдиньо бірнеше күн бұрын «Атлетико Минейромен» келісім-шартын үзген еді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұған жаңа бас бапкер Левир Кульпимен келіспегені себеп болған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;