Дональд Трамп: «Головкин керемет жұдырықтасты, оның Мэйвезерге қарсы жекпе-жегін көргім келеді»
![Дональд Трамп: «Головкин керемет жұдырықтасты, оның Мэйвезерге қарсы жекпе-жегін көргім келеді»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406709886_724260644.jpg?v=28697607)
Атақты американдық миллиардер Дональд Трамп жерлесіміз Геннадий Головкинді мақтады.
«Сенбі күні «Мэдисон-сквер-Гарден»-де Головкин-Гил жекпе-жегін тамашаладым. Геннадий өте керемет жұдырықтасты. Оның Флойд Мэйвезерге қарсы жепке-жегін көргім келеді», - деп жазды «Твиттерде» белгілі бизнесмен.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде австралиялық боксшы Дэниэл Гилді үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.