Қазақстандық күресшілер жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысады
![Қазақстандық күресшілер жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1406709724_598719236.jpg?v=28697601)
ФИЛА-ның ресми сайтында жолдама алғандардың есімі жарияланды.
Бұған төрт қазақстандық күресші кірді.
Еркін күрес – Мұхамбет Қуатбек 54 келіге дейін салмақ бойынша;
грек-рим күресі – Райымбек Құрналұлы 58 келіге дейін салмақ бойынша, Евгений Полидавов 69 келіге дейін;
әйелдер күресі – Мерей Дүйсенова 70 келіге дейін салмақ бойынша.
Тамызда қытайлық Нанкин қаласында өтетін турнирге әлемнің 47 елінен 112 спортшы қатысады.