русский язык

Қолкүрес. «RUSSIAN OPEN» турнирінен қос медаль

Қолкүрес. «RUSSIAN OPEN» турнирінен қос медаль

Ресей астанасы Мәскеуде шілде айның 25-26 күндері қолкүрестен жүлде қоры 113000 АҚШ долларды құрайтын А1 RUSSIAN OPEN  GRAND  PRIX  кәсіпқойлар арасындағы халықаралық турнирі.

Байрақты бәсекеде әлемнің 30 мемлекетінен 300-ге жуық қолкүрес шеберлері бас қосты. «Шардара-Армспорт» клубының жігіттері Мағжан Шамиев пен Қыдырғали Оңғарбаев Қазақ елінің намысын абыроймен қорғады. 70 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейінгі қарсыластарын қоғадай жапырып ресейлік Олег Черкасовқа ғана жол берген Мағжан Шамиев қола медельді қанағат тұтты.

90 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген 19 жасар Қыдырғали Оңғарбаев  өзінен тәжірибелі қарсыластарынан именбей, сол қолмен күресу бойынша финалға дейін жетті. Жерлесіміз ақтық сында ғана украиндық Артем Тайновтан ұтылып күміс медаль еншіледі.

Спортшылар отанға оралып Польшада өтетін  Гран-При турниріне дайындықты бастап кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;