русский язык

Олимпиада чемпионы Б. Сәрсекбаевтың анасы хат жолдады (ВИДЕО)

Олимпиада чемпионы Б. Сәрсекбаевтың анасы хат жолдады (ВИДЕО)

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың анасы ұлына бейнежолдама жіберіп, ақылға шақыруда, деп хабарлайды 31 арна.

«Бақыт, есіңді жи! Бізді Қазақстан мен Өзбекстанға қарабет қылдың! » Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың анасы, ұлына осындай мазмұнда хат жолдады. Туған ұлына жаһанға жар салып, жолдау жасаған Валентина Сәрсекбаева чемпионнан бауыры мен туған баласы бөлісе алмай жатқан пәтер дауына нүкте қоюын талап етті.

«Ашынған ана, тіпті бейнежолдауда «Бақыт жынданғаннан сау ма? » деген тіркестер де қолданған. Алайда, анасының ашынған хаты чемпионға аса әсер етпеген сыңайлы.

Бақыт боксшының  нағашы ағасының 55 жылдық мерейтойына үш бөлмелі пәтерді тарту еткендігін айғақтайтын жалғыз дәлел осы кадр ғана. Өйткені, нағашы мен жиеннің арасындағы бұл туысқандық рәсім - нотариуспен куәландырылмаған. Сол себепті де үш  бөлмелі пәтер үш мәрте болған сот процесінде де чемпионның пайдасына шешілген. Заңнан күдер үзгесін, туған баласына өтінішін енді чемпионның анасы - бейнежолдау арқылы білдіріпті.

Ұлының ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтірген Валентина Сәрсекбаева, Бақыт өзінің нағашы ағасына тарту еткен пәтерін бес жылдан кейін бекер даулап отырған жоқ, - дейді. Өйткені, даулы пәтердің бағасы аспандап кеткенін біледі дейді. Үш минуттық бейнежолдауында, түсінген адамға туған баласына, сүйектен өтетіндей сөз айтқан чемпионның анасы, ұлынан отбасын ұятқа қалдыратын қылықтарына тоқтау сұрайды. Алайда, чемпионның өзіне анасының өтініші аса әсер етпеген сыңайлы.

Сәрсекбаев, анама мұндай сөздерді басқа адамдар айтқызып отыр дейді. Ал, ғаламторда пайда болған чемпион анасының жолдауы көптің қызу талқысына түсті. Кейбіреулер тіпті, Валентина Сәрсекбаеваны - чемпионның туған анасы емес десіп қалды. Бірақ Бақыттың өзі, жолдау иесінің туған анасы екенін айтқанымен, бірақ айтқандарын екі етпеуге уәде бере алмаймын деп отыр.

 

Видео 31.kz сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;